
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев өз сөзінде Республика күнін халқымыздың өзінің тарихи, экзистенциалдық тұтастығын, егемен ұлттар қауымдастығының толыққанды бірлігі мәртебесін алуының символы деп атады. Ресеймен қарым-қатынасқа қатысты, Елші оның саясат пен экономикадан бастап мәдениет пен білімге дейінгі барлық бағыттарда дамып келе жатқанын атап өтті. «Біздің серіктестігіміздің беріктігі өзара тиімділік пен мүдделерге ғана емес, сонымен қатар тығыз тарихи байланыспен де негізделеді», – деп мәлімдеді Д.Абаев.
Өз тарапынан Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин екі елдің қарым-қатынасы теңдік, егемендікті, тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу қағидаттары негізінде құрылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму, креативті жасампаздық жолымен табысты жүріп келеді, әлемдік аренада лайықты беделге ие, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі түрлі өзекті мәселелерді шешуге, Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтуға маңызды үлес қосуда.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Ресей Федерациясының Үкіметі мен СІМ өкілдері, Федерация кеңесінің мүшелері мен Мемлекеттік Дума депутаттары, Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы, белгілі ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты.