Қазақстан «Ұлкен Алтай» халықаралық фестиваліне қатысты

Қазақстан «Ұлкен Алтай» халықаралық фестиваліне қатысты

2024 жылдың 21 - 25 тамыз аралығында «Манжерок» әрмезгілдік курортында Алтай Республикасы үкіметінің қолдауымен Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия және Ресейдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Үлкен Алтай» халықаралық фестивалі өтті.

Қазақстан Республикасынан фестивальге Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің солисті, дәстүрлі қобызшы Ақнар Тәттібайқызы мен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі қатысты.

Фестиваль бағдарламасына спектакльдер, көрмелік іс-шаралар мен перформанстар, гала-концерт, аспаздық шоулар, лекциялар мен шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер, пікірталас кездесулері мен баспасөз конференциялары кірді.

Фестивальдің ресми шараларына Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев қатысты.

Фестиваль түркі, алтай және моңғол халықтарының дәстүрлері мен өнерінің озық үлгілерімен танысуға бағытталған жыл сайынғы халықаралық тәжірибе алмасу, ынтымақтастық және мәдениет саласындағы бірлескен шығармашылық алаңы болып табылады.