Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнаул қаласындағы Өкілдігінің басшылығымен кездесті

Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнаул қаласындағы Өкілдігінің басшылығымен кездесті

2024 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиевтың Ресей Сыртқы істер министрлігінің Барнаул қаласындағы Өкілдігінің басшысы Михаил Королевпен жұмыс кездесуі өтті.

Жылы атмосферада және толық өзара түсіністік жағдайында өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей аймақтарының шекаралық ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын, сондай-ақ екі ел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Томск облысында Қазақстан Республикасының Құрметті консулының кеңсесін ашу мәселесін қарастыру жеке тақырыпты талқылау болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша одан әрі тығыз ынтымақтастыққа екі жақтан да дайын екендіктерін білдірді.