ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Ульяновск облысының Губернаторы А.Русскихпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Ульяновск облысының Губернаторы А.Русскихпен кездесті

XXVII Петербург Халықаралық экономикалық форумының аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ульяновск облысының Губернаторы Алексей Русскихпен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан импорт көлемі бойынша бірінші орынды (импорттың жалпы көлемі 12,1%) және экспорт көлемі бойынша үшінші орынды (экспорттың жалпы көлемі 5,9%) алады. Атап айтқанда, Қазақстанға «УАЗ» автомобиль зауыты мен «Промсервис» АҚ өнім береді. Сондай-ақ, Семейдегі СемАЗ зауытының қуаттылығында УАЗ автомобильдерін өндіруді ұйымдастыру жобасы іске асырылуда.

Өңір кооперациялық байланыстарды кеңейтуге және жаңа логистикалық тізбектерді құруға мүдделі және өнеркәсіптік кооперацияда өзінің бай тәжірибесін пайдалануды ұсынады. Перспективалы бағыттардың қатарында автомобиль, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және білім беру салаларындағы ынтымақтастық белгіленді.

Кездесулер қорытындысы бойынша өзара сапарлар және түрлі сауда-көрме іс-шараларына бизнес-миссиялардың қатысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.