
2024 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Омбы қаласындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы саябақтағы ескерткіштер мен монументтерге және соғыс ардагерлері Госпиталінің ғимаратында орналасқан Кемел Тоқаевтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысты.
Қазақстан Республикасы фашизмге қарсы күреске ерекше үлес қосты. Соғыс кезінде Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам шақырылып, оның 600 мыңнан астамы Ұлы Отан соғыс майдандарында қаза болып, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Миллиондаған қазақстандық тылдағы жанқиярлық еңбегімен Ұлы Жеңісті жақындатты.