
2024 жылдың 7 наурызында Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары, Білім министрі И.И.Кроттың шақыруымен Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев мектеп оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен өтетін облыстық олимпиадасының ашылуына қатысты.
Бұл олимпиаданы жыл сайын өңірлік білім министрлігі Омбы облысының білім беруді дамыту институтымен бірлесіп жергілікті жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткізеді.
Биылғы жылы аталған шара Омбы облысының Шербақұл аудандағы «Томар жалпы білім беру орта мектебі» муниципалдық бюджеттік білім беру мекемесінде өтті және облыстың 8 ауданынан 28 оқушының басын қосты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша сөз сөйлеген консулдық мекеменің басшысы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, оларға одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі, сондай-ақ қазақ тілінде кітаптар сыйлады.