Омбыда мерекелік концерт өтті

Омбыда мерекелік концерт өтті

2024 жылғы 5 наурызда Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі қарсаңында Омбы қаласындағы «Рубин» мәдениет үйінде Аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясының 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев қатысты.

Екі сағаттық музыкалық қойылымда іс-шараның көрермендері мен қонақтары омбылық шығармашылық ұжымдардың орындауындағы қазақ мәдениетінің ғажайып әлемінің сұлулығы мен ерекшелігін ашатын төл вокалдық-хореографиялық композицияларын тамашалады.