Омбыда жергілікті қазақ шығармашылық ұжымдарының концерті өтті

Омбыда жергілікті қазақ шығармашылық ұжымдарының концерті өтті

2024 жылдың 26 ​​қаңтарында Омбы қаласындағы «Красная гвардия» атындағы мәдениет үйінде «Омбы қазақтары» аймақтық қоғамдық ұйымының жанындағы шығармашылық ұжымдарының дәстүрлі есептік концерті өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев қатысты.

Музыкалық қойылымның көрермендері қазақ мәдениетінің ғажайып әлеміне еніп, омбылық шығармашылық ұжымдарының орындауындағы танымал ұлттық вокалды-хореографиялық композицияларды тамашалады.