
2023 жылдың 16 желтоқсанында Красная гвардия атындағы мәдениет сарайында «Алмаш» музыкалық студиясының мерекелік вокалдық-аспаптық концерті өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев қатысты.
Мерекелік шара барысында көрермендер назарына музыкалық миниатюралар, танымал халық әндері мен күйлер ұсынылды, қазақ домбыра оркестрі мен би ансамбльдерінің өнерлері көрсетілді.