
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Омбы қаласындағы Облыстық қоғаммен байланыс орталығының концерт залында «Ажар» омбылық үлгілі хореографиялық ұжымы мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, әнші, композитор, тележүргізуші Нұрлан Әлімжановтың бірлескен концерті өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы - Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы.
Концерттың ресми ашылуында Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев пен өңірлік қазақ ұлттық-мәдени автономиясының президенті, Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының Омбы облысы бойынша Казыят мұсылмандар басқармасының мүфтиі Бота Бакулин құттықтау сөз сөйледі.