Омбыда қазақ киносының күндері өтті

Омбыда қазақ киносының күндері өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Омбыда белгілі қазақстандық кинорежиссер Рүстем Әбдірашев еліміздің Туризм және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Қазақ хандығы. Алтын тақ» көркем фильмінің жеке көрсетілімі өтті.

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының желісі бойынша түсірілген тарихи жалғасы Ұлы Дала үшін күрес пен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын баяндайды.

Омбыдағы «Слава» кинотеатрында өткен қойылымның ресми ашылуына Қазақстанның Омбыдағы Бас консулы Керім Қожамбердиев, облыстық Өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігі, қазақ қоғамдық ұйымдары, білім мекемелері және жергілікті бизнес өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара қонақтарына омбылық «Созвездие» шығармашылық орталығы» білім беру мекемесінің «Қарлығаштар» үлгілі домбырашылар ансамблінің шағын концерті, сондай-ақ Омбы облысы Омбы муниципалдық аудандық Ертіс орта мектебі ұйымдастырған тұрмыстық заттар мен ұлттық киімдердің шағын көрмесі ұсынылды.