Қазақстанның Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері «Отдых! OMSK-2023» V Халықаралық туристік-көлік форумына қатысуда

Қазақстанның Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері «Отдых! OMSK-2023» V Халықаралық туристік-көлік форумына қатысуда

2023 жылғы 30 қарашада өңірдің туристік ұйымдарының қолдауымен Омбы облысының Мәдениет министрлігі ұйымдастырған «Отдых! OMSK-2023» V Халықаралық туристік-көлік форумы жұмысын бастады.

Форум туризм саласындағы өңіраралық және халықаралық байланыстарды қалыптастыру және нығайту саласында тәжірибе алмасудың жыл сайынғы алаңы болып табылады. Қатысушылар ретінде Ресей Федерациясының 12 субъектісі, туристік қауымдастықтар, бизнес, туристік инфрақұрылым нысандары және білім беру мекемелерінің өкілдері болады.

Қазақстандық делегацияны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының туристік саласының өкілдері құрады.

Форум аясында ауқымды көрме бағдарламасы жоспарланған, сондай-ақ туризм саласының көліктік құрамдас бөлігін дамытудың негізгі бағыттары, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастық, бәсекеге қабілетті туристік өнімді құру және ілгерілету талқыланатын болады.