
2023 жылғы 28 қарашада Омбы қаласының Қоғаммен байланыс жөніндегі өңірлік орталығының концерт залында танымал қазақстандық жас орындаушылар Yenlik пен Мәди Сыздықовтың концерті өтті.
«Омбы қазақтары» жергілікті қазақ қоғамдық ұйымы өзінің 15-жылдығына орай ұйымдастырған мәдени іс-шараға Омбы облысы Үкіметінің, қоғамдық ұйымдардың, іскерлік және мәдени топтарының өкілдері, Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығының ұжымы, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Концерт барысында қазақстандық әртістер көпшілікке сүйікті болған жеке репертуардағы әндерін, сондай-ақ танымал қазақстандық және шетелдік шығармаларды орындады.