Ү.ж. 3 қарашада Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулдығы Республика күнін мерекелеуге орай ресми қабылдау ұйымдастырды.
Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Омбы облысының басшылығы, қоғам қайраткерлері, бизнес, ғылыми және академикалық зиялы қауым, сондай-ақ жергілікті қазақ диаспорасы қатысты.
Қабылдаудың ашылуында Бас консул К.Қожамбердиев, Омбы облысының губернаторы В.Хоценко, РФ Мемлекеттік Дума депутаты О.Смолин, РФ СІМ Омбыдағы өкілінің міндетін атқарушысы Е.В.Генова, Омбы қаласының мэрі С.Шелест және Омбылық қалалық кеңесінің төрағасы В.В.Корбут құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік концерт аясында қонақтар жергілікті шығармашылық ансамбльдерінің орындалуында қазақ ұлттық әндері мен билерін тамашалады.