Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан кеншілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылы 29 қазан күні жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
Осыған орай, Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулдығында сағат 10:30-13:00 және 15:00-17:00 аралығында көңіл айту кітабы ашылады, сондай-ақ көңіл айту хаттары omsk@mfa.kz электрондық пошта арқылы қабылданатын болады.