Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын Республика күнімен құттықтап

Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын Республика күнімен құттықтап

Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын Республика күнімен құттықтап, елімізге табыс пен бақ-береке тіледі.

"Сіздің еліңіз әлеуметтік-экономикалық даму жолымен сенімді түрде ілгерілеп келеді. Сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелерді шешуде өзінің елеулі үлесін қосып, әлемдік аренада зор беделге ие болып отыр. Ресей мен Қазақстан қатынастары жоғары деңгейде дамып келеді. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ және ШЫҰ секілді ұйымдар аясындағы сындарлы ықпалдастықты кеңейту халықтарымыздың түпкі мүддесіне сай келеді", – делінген жеделхатта.