ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Киров облысының губернаторы А.Соколовпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Киров облысының губернаторы А.Соколовпен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Киров облысының губернаторы Александр Соколовпен кездесу өткізді.

Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті. Мәселен, бірінші жартыжылдықта Киров облысымен Қазақстан өңірлерінің тауар айналымы $22,7 млн. құрады.

Кездесу барысында тараптар басым бағыттардың қатарында өзара саудада тауар номенклатурасын кеңейтуді белгіледі.

Киров облысы экономикасының негізгі салалары химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, дәрілік заттар өндірісі, агроөнеркәсіптік және орман шаруашылығы кешендері болып табылады.

Қазақстан Киров облысы кәсіпорындарының өнімдеріне мүдделі, сондай-ақ өз кезегінде сапалы тауарлардың кең спектрін ұсынуға дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңіраралық байланыстар шеңберінде, атап айтқанда, инвестициялық салада және өнеркәсіптік кооперация шеңберінде неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дәйекті түрде дамытуға келісті.