Омбыда Қала күніне орай шетелдік және басқа қалалардан келген делегациялардың ресми қабылдауы өтті

Омбыда Қала күніне орай шетелдік және басқа қалалардан келген делегациялардың ресми қабылдауы өтті

2023 жылы 4 тамызда Омбы қаласы Мэрінің шақыруымен Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев және Астана, Павлодар мен Петропавл қалалары әкімдерінің орынбасарлары Ерлан Бекмұрзаев, Қадиша Беготаева мен Қалия Туренова бастаған қазақстандық делегациялар Қала күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты.

Іс-шараға, сондай-ақ қалалық әкімшілігінің, Омбы қалалық кеңесінің және РФ СІМ Омбы қаласындағы өкілдігінің басшылығы, Минск, Гомель және Могилев (Беларусь), Ангарск, Горно-Алтайск және Ставрополь (Ресей) қалаларының, сондай-ақ Новосібірдегі Өзбекстан Бас консулдығы мен Омбыдағы Қырғызстанның Құрметті консулдығы  өкілдері қатысты.

Керім Қожамбердиев өз сөзінде омбылықтарды қаланың 307 жылдығымен құттықтап, әкімшілік пен оның тұрғындарының қаланың экономикалық, мәдени және әлеуметтік әлеуетін үдемелі дамыту мен нығайтудағы рөлін атап өтті, сондай-ақ одан әрі өркендеуін тіледі.