
2023 жылғы 2 тамызда Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев РФ СІМ орынбасары Александр Панкинмен кездесті.
Қазақстан мен Ресейдің өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.
Атап айтқанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының ағымдағы күн тәртібі бойынша пікір алмасу болып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңістігінде болып жатқан үдерістерге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында өтетін іс-шаралар кестесіне назар аударды.