ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Премьер-Министрінің орынбасары А.Оверчукпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Премьер-Министрінің орынбасары А.Оверчукпен кездесті

2023 жылғы 1 тамызда Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауданың оң динамикасын атап өтті.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның алдағы отырысына дайындық барысы қарастырылды.