ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Премьер-Министрінің орынбасары А.Новакпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Премьер-Министрінің орынбасары А.Новакпен кездесті

2023 жылғы 1 тамызда Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесу өткізді.

Отын-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, мұнай және газ транзиті бойынша ынтымақтастықтың кеңеюі, мұнай химиясында бірлескен жобалардың іске асырылуы пысықталды.