2023 жылғы 4 - 19 шілде аралығында Ақмола облысының әкімдігі мен «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен Астана күні мен қазақтың ұлы билеушілерінің бірі, мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы Абылай ханның 310 жылдық мерейтойына орай «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» халықаралық мәдени-рухани экспедициясы өтті.
Экспедицияның мақсаты Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және Моңғолияда тұратын халықтардың ортақ мәдениетін, осы мемлекеттер арасындағы тату көршілік пен бауырластық қарым-қатынастардың тарихи негіздерін кеңінен насихаттау болып табылды.
Жалпы ұзындығы 9 мың шақырымды құрайтын бағыты Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумақтарын қамтыды және Көкшетау (Бурабай) - Астана - Павлодар - Бийск - Таулы Алтай - Қош-Ағаш - Баян-Өлгий - Ховд - Баянхонгор - Хархорин - Номғон - Улан-Батор - Налайхан - Алтанбулаг - Улан-Удэ - Байкал - Иркутск - Красноярск - Новосібір - Омбы елді мекендері арқылы өтіп, соңғы бағыт Көкшетауда аяқталды.