Бас консулдықта қазақ тілі және әдебиет пәндерінен Халықаралық олимпиадаға қатысушылармен кездесу өтті

Бас консулдықта қазақ тілі және әдебиет пәндерінен Халықаралық олимпиадаға қатысушылармен кездесу өтті

2023 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығында ү.ж. 26-30 маусым аралығында Астана қаласында өткен «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша ХХ мерейтойлық Халықаралық олимпиадаға қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл олимпиаданы Қазақстан Республикасының Ағарту министрлігі шетел қазақ диаспорасының дарынды балалары мен жастарын анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың қазақ тілі мен әдебиетін оқуға деген танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында жыл сайын өткізеді.

Кездесу барысында Омбы облысының Горьковский, Исилькульский, Марьяновский, Москаленский, Таврический, Щербакульский муниципалдық аудандарындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, сондай-ақ олардың ұстаздары мен өңірлік Білім беруді дамыту институтының өкілдері олимпиадаға қатысудан алған әсерлерімен бөлісті.

Шара соңында Бас консул Керім Қожамбердиев олимпиадаға қатысушылар мен олардың мұғалімдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіп, шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тіледі.