Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев сенім грамотасының көшірмесін табыс етті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев сенім грамотасының көшірмесін табыс етті

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузинге сенім грамотасының көшірмесін табыс етті.

Кездесуде тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.