
Биылғы мерейлі XX Халықаралық олимпиаданы Қазақстан Республикасының Ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Отандастар қоры» КеАҚ-мен бірлесіп өткізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтауға және оларға әлеуметтік-құқықтық қорғау, тілге әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2023 жылы Халықаралық олимпиадаға Иран, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінен командалар келеді деп күтілуде.
Халықаралық олимпиаданының өткізу ережесі келесі сілтеме бойынша қолжетімді: http://daryn.kz/pol514/atazhurt.pdf