Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Омбы облысы Губернаторының міндетін уақытша атқарушысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Омбы облысы Губернаторының міндетін уақытша атқарушысымен кездесті

2023 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев өңір басшысы Виталий Хоценкомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Омбы облысы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Бас консул Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы үшін сенімді стратегиялық серіктес және тату көрші екенін атап өтті. Екіжақты қарым-қатынаста аймақаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлініп, Омбы облысына бөлек рөл берілді.

Өңір басшысы Омбы облысы сауда-экономикалық және гуманитарлық салада ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Виталий Хоценконың айтуынша, туризм, спорт, жастар және мәдени жобаларды жүзеге асыру салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі зор.