
2023 жылдың 17 мамырында Русская Поляна жұмысшылар кентінде Русско-Полянский ауданының «Ақ бұлақ» қазақ ұлттық-мәдени автономиясының ашылуына арналған салтанатты концерт өтті.
Мерекелік шара барысында Русско-Полянский, Павлоградский, Одесский муниципалдық аудандары мен Омбы қаласының орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары қонақтарға халық шығармашылығының музыкалық туындыларын, сондай-ақ сахналандырылған би қойылымдарын ұсынды.
Аталған іс-шараға Қазақстанның Бас консулы Керім Қожамбердиев, облыстық Өңірлік саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігі, Русско-Полянский муниципалдық аудан әкімшілігі мен қазақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.