
«Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстан Жазушылар одағы және «Фолиант» баспасы бірлесіп, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы шығарған «Шетелдегі қазақтар» сериясынан кітаптар шығаруды жалғастыру мақсатында «Ұлы Дала» халықаралық байқауын жариялайды.
Байқауға қазақ диаспорасы мен көші-қон тарихын зерттейтін, әлемнің этникалық қазақтарының өмірі, дәстүрлері, әдебиеті мен мәдениеті, өнері туралы жазатын қазақ диаспорасының өкілдері, жазушылар, ақындар, ғалымдар, публицистер, журналистер және т.б. қатыса алады.
Байқаудың басты шарттары:
1.Қазақстанда кітап түрінде жарық көрмеген болуы қажет
2.Бірлескен авторлардың шығармалары
3.Құрастырылған жинақтар
4.Құндылығына қарай басқа тілдерде жазылған шығармалар да болуы мүмкін
Басты талаптар:
- Шығармалар қазақ (кириллица) тілінде жолдануы тиіс.
- Шетелдерде төте жазуымен, латын әрпімен жарық көрген шығармалар, қазылар алқасының шешімімен үздік деп табылса, жеке жинақ ретінде басылады.
- Баспадан шығатын әр кітап саны - 500 дана.
- Авторлық дана - 100.
- Конкурсқа автордың аты-тегі, шыққан тегі туралы қысқаша мәліметті, байланыс телефонын жазып, jpeg форматта фотосы жөнелтілуі тиіс.
- Шығарманың толық мәтіні Times New Roman, кегль 14, PDF форматта болуы керек.
Авторлар шығарманы конкурсқа жібере отырып, осы жұмысқа авторлық құқықтың берілуіне кепілдік береді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақтың рухани қазынасын байытатын әдеби шығармалар жарық көріп, өскелең ұрпаққа өнегелі мұра болып қалуы тиіс.
Конкурсқа қатысу туралы өтінім мен әдеби шығармалар 2023 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады.
Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, «Отандастар қоры» КеАҚ, oqbilim@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс.