Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқығысы келетіндердің назарына!

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқығысы келетіндердің назарына!

2023 жылғы 28 сәуірде сағат 15.00-де (Астана) Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша онлайн-форум өтеді.

Іс-шараны «Современное образование» журналы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырады.

Жыл сайын Қазақстан Үкіметі шетелдік азаматтарды оқыту үшін 500-ден астам грант бөледі. Ал кейбір елдер үшін үкіметаралық келісімдер шеңберінде қосымша гранттар бөлінеді.

Бас консулдық барлық ниет білдірушілерді онлайн-конференцияға қатысуға, бөлінетін гранттарды қалай алуға болатыны, ізденушілер үшін қандай шарттар мен талаптар, сондай-ақ басқа да өзекті ақпаратты алу туралы сенімді ақпарат алу үшін шақырады.

Қатысу тегін.

Сілтеме бойынша тіркелу https://www.obrazovanie.kz/welcome-to-kazakhstan