Омбы қаласының мектепке дейінгі «№112 балабақша» мекемесінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті

Омбы қаласының мектепке дейінгі «№112 балабақша» мекемесінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті

2023 жылдың 5 сәуірінде Омбы қаласының мектепке дейінгі «№112 балабақша» бюджеттік білім беру мекемесінде Қазақ ұлттық-мәдени орталығының қолдауымен Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қожамбердиев, қалалық білім беру департаменті, Омбы аудандық әкімшілігі, сондай-ақ өңірдегі қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Аталған концерт барысында білім мекемесінің тәрбиеленушілері қонақтарға орыс және қазақ халық би нөмірлер, ауызша шығармашылық туындылар, сондай-ақ «Қыз қуу» ұлттық ойынының сахналандырылған көрініс ұсынды, ал ғимараттың холында ұлттық қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары ұсынылды.