Омбыда «Композитор» кинофильмнің көрсетілімі өтті

Омбыда «Композитор» кинофильмнің көрсетілімі өтті

Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде 2023 жылы 30 наурызда «Қазақ ұлттық-мәдени орталығы» Омбы қоғамдық ұйымы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен «Қазақфильм» АҚ қолдауымен Омбының «Слава» кинотеатрында «Композитор» Қазақстан-Қытай бірлескен көркем фильмнің жабық көрсетілімін өткізді.

Фильм қытай композиторы Сянь Синхайдың Кеңес Одағындағы өмірі мен шығармашылығы, оның ішінде Алматыда эвакуация кезіндегі өмірі, сондай-ақ оның қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.

Көрсетілімнің ресми ашылуына Қазақстанның Омбыдағы Бас консулы Керім Қожомбердиев, қазақ қоғамдық ұйымдары мен жергілікті бизнес өкілдері, сондай-ақ Омбы қаласының тұрғындары қатысты.

Қонақтардың назарына шығармашылық домбыра ұжымының шағын концерті, балалар қолөнерінің шағын көрмесі, сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.