Омбы облысында «Ұрпақ үні» атты Х Аймақтық қазақ халық шығармашылығы фестивалі өтті

Омбы облысында «Ұрпақ үні» атты Х Аймақтық қазақ халық шығармашылығы фестивалі өтті

Омбы облысының Павлоград ауданында «Ұрпақ үні» атты мерейтойлық Х Аймақтық қазақ халық шығармашылығы фестивалі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Омбыдағы Бас консулы, облыстық үкіметі, заң шығарушылық жиналысы, өңірдегі РФ СІМ өкілдері, сондай-ақ Омбы облысының муниципалдық аудандарының басшылары қатысты.

Жергілікті шығармашылық бірлестіктері мен облыстағы қазақ ұлттық мәдени ұйымдары жиналған қауымға қазақтың халық әндерін, қазақ композиторларының танымал шығармаларын, сондай-ақ ұлттық билері мен ауызша тараған халық шығармашылық туындыларын (термелер) ұсынды.