«Жазғы лагерь - 2023» жобасына жолдама алуға арналған «Отандастар Қорының» кезекті конкурсы туралы

«Жазғы лагерь - 2023» жобасына жолдама алуға арналған «Отандастар Қорының» кезекті конкурсы туралы

«Жазғы лагерь - 2023» жобасына қатысушыларды іріктеу мақсатында «Отандастар Қоры» шетелде тұратын 12-17 жастағы этникалық қазақ оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «Үздік домбырашы» халықаралық байқауын жариялады.

Байқау шарттары:

  1. Өзі туралы қысқаша баяндау (аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, таңдаған тақырыбы).
  2. Кез-келген белгілі күйшінің туындысын домбырада ойнау.
  3. Әлеуметтік желілерде @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын және #OQSummerCamp; #Oqjazgylageri хэштегтерін белгілеп, өз бейнежазбамен бөлісу.

Видеоға талаптар:

- ұзақтығы 2-4 минуттан тұратын MP4 формат

- дауыстың анық шығуы

Қатысушылардың байқау жұмыстары:

Бейнероликтер 2023 жылғы 9 - 23 наурыз аралығында oq_bilim@mail.ru электронды почтаға жолдау керек (жолдаған кезде аты-жөні, жасы, тұратын жері, оқитын мектебі, сыныбы, телефон номерін жазып жіберу, сондай-ақ жіберілетін видеоның әлеуметтік желілерде жариялануына келісім беру керек).

Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орын тағайындалады.

- үш орын 12-15 жас үшін

- үш орын 16-17 жас үшін

Байқау жеңімпаздарына «Жазғы лагерь - 2023» жобасына жолдама беріледі (электронды пошта арқылы жолданады). Жолдамаға лагерьде тұру, тамақтану және оқыту кіреді. Лагерьге келіп/кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.

Маңызды! «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың 2019, 2022 жылы ұйымдастырған «Жазғы Лагерь» жобасына барып келген қатысушылар қатыса алмайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 747 178 39 38