30 жыл Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне

30 жыл Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне

30 жыл бұрын, 1992 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы» Ережені бекіткен ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылды.

Заманның барлық сын-тегеуріндеріне қарамастан, Президенттің жеке қолдауының, ведомство қызметкерлерінің аянбай еңбек еткені мен жоғары кәсіби қасиеттерінің арқасында жаңа дипломатиялық қызмет жұмысының негіздері мен қағидаттарын салиқалы қалыптастыруға қол жеткізілді.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде атқарылған жұмыстарға көз жүгіртсек, Президенттің тікелей басшылығымен қазақстандық дипломаттар прагматизм мен теңгерімділік, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген барлық көршілерімізбен және әлемнің басқа мемлекеттерімен қарым-қатынастың сенімді жүйесін құрғанын көреміз.

Бүгінде Қазақстан әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, барлық негізгі халықаралық ұйымдарға мүше болып отыр.

Отандық дипломаттарға Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілету және азаматтарының заңды құқықтарын қорғау бойынша аса жауапты міндет жүктелген.

Құрметті әріптестер, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен және тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, Отанымыздың игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріңіздің барлық бағыттарында жаңа табыстар тілейміз!