2022 жылдың 30 сәуірінде қыстан кейін қаланы тазарту бойынша санитарлық айлық шеңберінде Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығының қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды.
Көктемгі акция аясында Бас консулдықтың маңындағы аумақтар мен жасыл аймақтар қоқыстан, құлаған жапырақтар мен қураған ағаштардан тазаланып, гүлдер мен екпелер отырғызылды, Шоқан Уәлиханов пен Амангелді Шакеновтың ескерткіштері жуылып, тазартылды.
Сенбілік қаланы жайлы және әдемі етіп қана қоймай, қала тұрғындарын біріктіретін жақсы дәстүр.