Омбыда қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды

Омбыда қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды

2022 жылғы 21 сәуірде Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан   Республикасының   Үкіметі   мен   Ресей   Федерациясының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша қоршаған орта мәселелері жөніндегі Қазақстан   -   Ресей   аралас комиссиясының
 3-ші отырысы өтті.

Қазақстан бөлігін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Болатқызы Сүлейменова, Ресей бөлігін Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Сергей Николаевич Ястребов басқарды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Парламенттің Сенат және Мәжіліс депутаттары, Павлодар және Атырау облыстары әкімдерінің орынбасарлары және т.б. қатысты.

Отырыс барысында тараптар Ертіс трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру туралы мәселелерді, аталған су объектісінің су сапасы, сондай-ақ биологиялық алуантүрлілікті сақтау, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін зерттеу, сақтау жөніндегі жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мәселелерін талқылады.