
«Современное образование» республикалық журналының редакциясы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігін қарастыратын шетелдік азаматтар үшiн жоғары оқу орындары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу шеңберінде онлайн-форумдарын өткізеді.
Шетелдік азаматтар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу мәселелері бойынша консультациялық онлайн-форум орыс тілінде 2022 жылы 20 сәуір сағат 15:00 басталады (Нұр - Сұлтан уақыты бойынша).
Онлайн форумға қатысу үшін алдымен https://www.bilim.expert/welcome-to-kazakhstan сілтемесі бойынша тіркелу қажет.
Қатысу тегін.