Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтуде

Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтуде

Бүгін, 1 наурыз, Қазақстанда Алғыс айту күні.

Мереке идеясы жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуге шақырған тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

ХХ ғасырда біздің республикамыз миллиондаған түрлі ұлт өкілдерінің екінші Отанына айналды.

Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Еліміз 130-дан астам этнос пен 18 конфессия өкілдерін біріктіре алды. Соның арқасында республикада қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей моделі қалыптасып, әлемдік қоғамдастықта жоғары бағаланды.

Бүгін Қазақстанда тәуелсіздік дәуірінің жаңа ұрпағы өсті. Олар өздерінің этникалық құндылықтарын құрметтейді және Отанын жақсы көреді, ұлтаралық достық – мемлекеттің тұтастығының негізі, оны сақтау және көбейту керек деген ортақ пікірде.