Құрметті азаматтар!
Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы 2022 жылғы 17 ақпаннан бастап азаматтарды жеке қабылдауды қайта бастайды.
2022 жылғы 25 қаңтардан 16 ақпанға дейінгі кезеңде жеке қабылдауға жазылған азаматтар растау жазбалары бар талондар болған жағдайда келесі күндері басым тәртіппен қабылданатын болады.
Консулдық қызметтерді алу тәртібі туралы барлық маңызды ақпаратпен Бас консулдықтың www.kz-omsk.ru ресми сайтына кіріп, "Консулдық қызметтер" бөлімінде танысуға болады.
Бас консулдыққа келер алдында керекті ақпаратты басып шығарып, қажетті өтініш бланкілерін алдын ала толтыруларыңызды сұраймыз.