Құрметті азаматтар!
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың нашарлауына байланысты және барлық келушілердің денсаулығын сақтау мақсатында 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы онлайн жұмыс режиміне өтеді.
Көрсетілген кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін құжаттар (қазақстандық паспорттар) пошта арқылы қабылданады (құжаттарды пошта арқылы жіберу тәртібімен Бас консулдықтың www.kz-omsk.ru сайтында "Азаматтық - Азаматтықты жоғалту" бөлімінде танысуға болады).
Ескерту: төтенше және шұғыл жағдайға қатысты ҚР азаматтарының өтініштерін қабылдау жүргізілуі мүмкін.
Консулдық мәселелер бойынша консультациялар +7 968-100-73-03 телефон нөмірі бойынша жүзеге асырылады (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 10:00-дан 13.00-ге дейін және 15:00-ден 18:30-ға дейін).
ҚР азаматтарға қатысты шұғыл мәселелер бойынша "жедел желі" телефонына қоңырау шалуды сұраймыз: +7-968-100-73-06
2022 жылы 25 қаңтардан бастап жеке қабылдауға онлайн жазылған азаматтар тиісінше келесі күндері басым тәртіппен қабылданатын болады.
Келушілерді қабылдауды қайта бастау күні туралы Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығының интернет-ресурстары арқылы қосымша хабарланатын болады.