
Роспотребнадзордың қаулысына сәйкес (сілтемені қараңыз), Ресейге келетін шет елдердің, оның ішінде Қазақстан, азаматтары үшін коронавирусқа ПТР сынағының теріс нәтижесін беру туралы талап жойылды.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін теріс ПТР сынағы талабы жойылған болатын.
Енді Ресейге келгендер тек тиісті сауалнаманы толтыруы керек (осы жерден жүктей аласыз).
Аталған қаулыға сәйкес, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде коронавирусқа іріктеп сынақ алу тәжірибесі ұйымдастырылуда.