Қазақстанның Сургуттағы Құрметті консулы Қазақстан Республикасы Құрметті консулдарының III съезіне қатысты

Қазақстанның Сургуттағы Құрметті консулы Қазақстан Республикасы Құрметті консулдарының III съезіне қатысты

2022 жылы 28-30 қыркүйекте Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Құрметті консулдарының III съезіне Қазақстанның Сургуттағы Құрметті консулы Оразхан Қалиев қатысты (консулдық округке Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск және Ямало-Ненец автономиялық округтері кіреді).

Іс-шараға сонымен қатар жақын және алыс шет елдердің, соның ішінде Бельгия, Бразилия, Израиль, Индонезия, Италия, Пәкістан, Ресей, Франция және басқа да мемлекеттердің өкілдері қатысты.

Съезд барысында Оразхан Қалиев әріптестерімен құрметті консул лауазымындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оның ішінде отандастарға әртүрлі консулдық-құқықтық аспектілер бойынша көмек көрсету, елде болу және жұмысқа орналасу, демеушілік қолдау, өңірде мәдени іс-шаралар өткізу, инвестициялар тарту және Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жайлы баяндады.

Іс-шараның ресми бағдарламасы аясында Құрметті консул Халықаралық энергетикалық форумның құрамына енген Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Жастар форумына қатысты, сондай-ақ БҰҰ өкілдігінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сауда және туристік әлеуеті ұсынылған және елдің жетекші корпорациялары мен холдингтері қатысқан кездесуге барды.