
2022 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасының Түмен қаласындағы Құрметті консулы Владислав Квасов дарынды студенттерді ынталандыру мен қолдауға бағытталған өз атынан стипендия алуға конкурс жариялады.
Конкурсқа Түмен мемлекеттік университетінде білім алып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алды. Жалпы университетте 700-ге жуық қазақстандық студент оқиды. Сарапшылар үміткерлердің үлгерімін және олардың ғылыми-зерттеу, оқу және волонтерлік қызметте елеулі жетістіктерінің болуын бағалады.
Консурстың қорытындысы бойынша Қаржы-экономикалық институтының магистранты Анастасия Кошкина, Химия институтының магистратура студенті Алина Дрягина және Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар институтының үшінші курс тыңдаушысы Ульяна Филина жеңімпаз атанып, оларға сәйкесінше 100, 50 және 25 мың рубль мөлшерінде бір реттік стипендия берілді.