Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулының Кемеров облысы - Кузбассқа жұмыс сапары өтті

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулының Кемеров облысы - Кузбассқа жұмыс сапары өтті

Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулы Керім Қожамбердиев ү.ж. 15 тамызында Кемерово облысы – Кузбассқа жұмыс сапарымен барып, өңір Губернатордың орынбасары Ольга Турбабамен кездесті.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Кемерово облысы арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Өңір басшысының орынбасары Кемерово облысының ерекшелігі, Кузбасстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілері және Қазақстанның шекаралас облыстарымен ынтымақтастығы туралы хабарлады.

Бас консул Қазақстан мен Кузбасс арасындағы екіжақты сауданың әлеуеті әлі толық іске асырылмағанын және өзара жеткізілімдерді арттыруға мол мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының консулдық аймағына Ресей Федерациясының тоғыз субъектісі кіреді: Омбы, Томск, Новосібір, Түмен, Кемерово, Қорған және Челябі облыстары, Алтай Республикасы және Алтай өлкесі.