
Ү.ж. 11 тамызында Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулы Керім Қожамбердиев Алтай өлкесіне алғашқы жұмыс сапары аясында өңірдің Губернаторы Виктор Томенкомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Алтай өлкесі арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
«Мұндай жеке кездесулер біздің елдеріміз, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы, шекаралас өңірлер арасындағы қарым-қатынастардың дамытуына, қатынастардың жемісті әрі тиімді болуына ықпал ететініне сенімдімін. Алтай өлкесінің басшылығы әрқашан достыққа, өзара түсіністікке және ортақ тарихымызды жақсы білугенегізделген өзара іс-қимыл екі тарап үшін де пайдалы саясатты жүргізеді», - деп атап өтті Губернатор Виктор Томенко.
Өз кезегінде, Бас консул Керім Қожамбердиев Ресей Федерациясы Қазақстан үшін бауырлас ел, тату көрші және стратегиялық әріптес екенін және де биыл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдығын атап өтетінін хабарлады. Қазақстандық дипломат Губернаторға жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді, өңір басшысына консулдық экзекватураны (консулдық мекеменің басшысын қабылдаушы үкіметтің мойындағанын және консулдық функцияларды атқаруға рұқсат ететін куәландыратын құжат) табыс етті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Алтай өлкесі арасындағы серіктестікті дамытуға қолғабыс көрсетуге өз дайындығын сендірді.
Өңірге екі күндік сапар барысында Бас консул Барнауыл қаласында тұратын қазақ қауым өкілдерімен кездесіп, қазақтардың өлкелік ұлттық-мәдени автономиясының жетекшісі Мұрат Бекмұратовқа белсенді және жемісті қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен берілген «Шапағат» медалін табыс етті.
Сонымен қатар, Бас консул аймақтың жетекші жоғары оқу орындары – Алтай мемлекеттік университетіне және Алтай мемлекеттік педагогикалық университетіне барды. Онда оқу орындарының басшылығымен білім беру саласындағы мәселелері және ынтымақтастықты кеңейту перспективалары туралы пікір алмасып, Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерімен серіктестік орнатуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.