РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2022 жылы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының жанындағы №292 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумда дауыс беру өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға құқықтық негіз бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығының жанындағы №292 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде (Кемеров, Қорган, Новосібір, Омбы, Томск, Түмен және Челябі облыстары, Алтай республикасы мен Алтай өлкесінде) уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ БЮЛЛЕТЕНЬДЕР САНЫ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН АЗАМАТТАР САНЫНА СӘЙКЕС ҚАТАҢ ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ.

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін өздеріне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны) omsk@mfa.kz электрондық мекенжайға «Референдумға қатысамын-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер туралы толық ақпаратпен ОСЫНДА танысуға болады.

Жобаны «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +7 (3812) 32-52-06, +7-968-100-73-06