Омбыда Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының концерті өтті

Омбыда Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының концерті өтті

2022 жылдың 16 мамырында Омбы қаласының Қоғаммен байланыс жөніндегі өңірлік орталығының концерт залында Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының «Ұлытау - Ұлт ұясы» атты концерті өтті. Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы ұжымының қатысуымен өткен мәдени іс-шараны «Омбы қазақтары» жергілікті қазақ қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.

Концерт барысында филармонияның жетекші әртістері, домбырашылары мен фольклорлық-этнографиялық ансамблі қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен еліміздің атақты ақындары мен композиторларының күйлерін және елге танымал болған халық әндерін орындады.