
2022 жылдың 27-28 сәуір аралағында Қазақстан Республикасы Бас консулдығының қолдауымен Ақмола облысының туризм басқарма басшысының орынбасары Андрей Подгурский бастаған және еліміздің агро және өңірлік туризмі, балалар мен жасөспірімдер туризмі, облыстық демалыс және туризм индустриясы қауымдастықтары, туристік компаниялардың өкілдерінен, сондай-ақ Көкшетау халықаралық әуежайының басшылығынан тұратын делегацияның Омбы қаласына сапары өтті.
Омбы облысының туристік қоғамдастығының өкілдерімен өткен мазмұнды іскерлік кездесулер аясында Ресей тарапына Ақмола облысының Щучинск-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарындағы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы қызықты және жайлы демалу мүмкіндігі бар туристік бағдарламалар ұсынылды.
Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ақмола облысы мен Ресей Федерациясының Омбы облысының туристік компаниялары әріптестік қатынастарды дамыту мен нығайтуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.