Омбыда Наурыз мейрамы атап өтілді

Омбыда Наурыз мейрамы атап өтілді

2022 жылдың 31 наурызында Омбыдағы Достық үйінде Наурыз мейрамы атап өту шеңберінде «Мөлдір» қазақ мәдениетінің сібір орталығы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы ұйымдастырған мерекелік бағдарламасы өтті.

Салтанатты бағдарлама барысында «Тоғыз құмалақ» қазақтың  зияттық ойыны бойынша мастер-класс, сондай-ақ ұлттық қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, қонақтарға қазақ халқының қолөнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары ұсынылды. Концерт аясында көрермендерге қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсететін музыкалық шығармалар ұсынылды, халық және елге танымал әндер мен күйлер орындалды, қазақ домбыра оркестрі мен би ансамблдерінің қойылымдары көрсетілді.

Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы қатысушыларды көктемгі Наурыз мейрамымен құттықтап, Омбы аймағында қазақ халқының тілін, мәдениетін және салт-дәстүрлерін насихаттау жолында жасап жатқан көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Мөлдір» қазақ мәдениетінің сібір орталығы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының басшылығына естелік сыйлық табыс етті.