
2022 жылдың 30 наурызында Наурыз мейрамы атап өту шеңберінде Омбыдағы «Сибиряк» облыстық мәдениет үйінде «Созвездие» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Қарлығаштар» үлгілі домбырашылар ансамблінің 20 жылдығына арналған мерекелік концерті өтті.
Мерекелік шара барысында көрермендерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсететін музыкалық миниатюралар ұсынылды, халық және елге танымал әндер мен күйлер орындалды, қазақ домбыра оркестрі мен би ансамблдерінің қойылымдары көрсетілді.
Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы қатысушыларды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтап, Омбы аймағында қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін насихаттау жолында жасап жатқан елеулі еңбектері үшін «Қарлығаштар» үлгілі домбырашылар ансамблінің басшылығына естелік сыйлық табыс етті.